ЗАЯВЛЕНИЕ

  

Президент аппараты әкімшілігіне

Халықтық Демократиялық
«Нұр Отан» партиясына

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясына

Республикалық «Жас алаш»
газетінің редакциясына

Республикалық «КТК»
телеарнасының редакциясына

Салимбаев Саматлла Дүйсекұлы 01.03.1958 жылы туылған 2топ мүгедегі ОҚО Шымкент қаласы, 18м/а., 4 үй, 3 пәтер тұрғынынан, тел.:8-778-464-84-05

Ш А Ғ Ы М

Менің ұлым Салимбаев Нұржан Саматллаевич 13.01.1983 жылы туылған негізсіз шыққан үкімнің кесірінен жаламен абақтыда қамалып отыр. Сол себепті мен әкесі болғандықтан сіздерге шағым жазып отырмын. Сіздерді шағымымның мән-жайына жете түсініп дұрыс шешім қабылдайды деп түсінемін.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 02 қазан 2013 жылғы №1-548 үкімімен ұлым Салимбаев Нұржан Саматллаевич Қазақстан Республикасы ҚК-нің 311 бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режимді түзеу колониясында өтеуге және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті саласында 5-жыл қызмет атқаруға құқығынан айыруға сотталған.
Бірінші сатылы соттың айыптау үкімімен келіспей сотталған ұлымның қорғаушысы Оңтүстік Қазақстан Облыстық адвокаттар алқасының Шымкент қаласы №2 заң кеңесінің адвокаты Б.Усипбеков апелляциялық шағым келтірген.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 05 қараша 2013 жылғы №1а-497-2013 қаулысымен апелляциялық шағым қанағатсыз, ал Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының айыптау үкімі өзгеріссіз қалдырылған.
Төменгі сатылы сот органдарының актілерімен келіспей қорғау тарапымыздан кассациялық шағым келтірілген, бірақ Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 30 қаңтар 2014 жылғы №1к-28/2014 қаулысымен кассациялық шағым қанағатсыз, ал Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының айыптау үкімі мен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.
Бұл аталған сот актілері бұзылып, ұлым Н.С.Салимбаев төменгі негіздермен ақталуы тиіс:
— Ұлым Н.С.Салимбаевқа қарсы арандатушылық жасалып, ол пара ретінде дайындалған ақшаны алмаса да алған деп тұжырымдама жасалуы негізсіз, іс бойынша жинақталған дәлелдемелер жеткіліксіз, олардың жиынтығы негізінде жемқорлық-сыбайластық нысанындағы қылмысты менің ұлым жасамағаны өзінің дәлелін таппаған.
— Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы әрі төрағасы М.Ө.Бекназаров төрелік етудегі құрамымен Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 24-бабымен көзделген ережелер — істің жан-жақтығы, толықтығы мен объективтігі, осы баптың 3-бөлігіндегі – істі қорғаушы сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптау және қорғау тараптарына істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеу құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасап, тараптардың пікірімен байланысты емес және іс бойынша ақиқатты анықтауға қажетті шаралар қолданатыны; айыпталушыны ақтайтын не олардың жауаптығын жеңілдететін дәлелдердің бар екендігі туралы барлық мәлімдемелерді тексеруге тиіс – деген қағидалар сақталмаған, орындалмаған. Бұл қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы біржақтама — айыптау арнасында жүргізілген.
Сотталушы ұлым Н.С.Салимбаевтың бастапқы тергеуде және сотта берген жауабында 2013 жылдың 17 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық Жер инспекциясына Шардара қаласы, А.Оразбаева көшесі №2 үй тұрғыны Б.Қожақованың ұжымдық арызына (37 адам қол қойған) байланысты арызға жауап беру үшін, осы аталған инспекцияның бас маманы болған соң, оған жүктелгенін, жазылған арызбен танысып, онда Шардара қаласы Өтеғұл ауылында екінші көпірдің солтүстік жақ бетінде құмды заңсыз қазып алып, сатып жатқан Жер меншік құқығын бұзып жалған кәсіпкерлікпен айналысып жатқан ағайынды Е.Н.Досбембетов пен інісі М.Н.Досбембетов есімді азаматтарды анықтайды, және оларға тиісті шара көтеруді баяндайды.
27.12.2013 жылы ұлым Н.С.Салимбаев тексеру тағайындау туралы: Досбембетов Ералы жөнінде №423, ал Досбембетов Мақсат жөнінде №424 актілерін ашқан. 28.05.2013 жылы Шардара аудандық прокуратурасында есепке қойғызып және арнаулы сатистика бірыңғай базасына енгізген.
Арызда екі азамат деп көрсетілгендіктен сол жеке тұлғаларға қарсы тексеру актілерін дайындаған. Сонан соң Шардара аудандық жер қатынастар бөлімінің бас маманы Ө.Рустем, жетекші маманы О.Беркімбаевпен және Шардара АІІБ-нің учаскелік инспекторы полиция майоры С.Сабденовпен бірлесіп карьердің басына барған, онда карьердегі болып жатқан көріністі суретке және бейнетаспаға түсірген.
Содан ертесіне Шардара қаласындағы учаскелік полиция пунктінде Ералы және Мақсат Досбембетовтермен кездесіп, оларға тексеру тағайындау туралы актілерімен таныстырған, бірақ олар қол қоюдан бас тартқан, ол жөнінде өзі бөлек хаттама түзген.
Содан 14.06.2013 жылы Досбембетов Ералыға және Досбембетов Мақсатқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттама, шақыру қағазын түзіп, пошта арқылы олардың тұрғылықты мекен-жайына жіберген. Бірнеше рет ұялы телефонмен шақырғанға келмеген.
20.06.2013 жылы түстен кейін Ералы Досбембетов ұлыммен хабарласып, онда оның күте тұратындығын, «орынбасарының» баратындығын хабарлаған және «орынбасарының» ұялы телефонын берген. 20.06.2013 жылы шамамен 19 сағатта келе жатқан «орынбасарға» қоңырау шалып, серіктестіктің құрылтай құжаттарының көшірмелерін қашан алып келетінін сұрағанда, оның келе жатқанын айтып, сәл кеш болса да күте тұратындығын өтінген. Бірнеше минуттан соң «орынбасар» оған қоңырау шалып, оған өзінің жұмыстың алдында тұрғанын айтқан. Екеуі сыртта жолығады, күзетшінің алдында амандасады. Содан кейін екеуі мекеменің ішкі ауласына кіріп сөйлеседі, темекі шегеді. Сол жерде «орынбасар» айыппұлды салмауды өтініп, төс қалтасындағы ақшаны көрсетіп, 300 000 теңге алып келгенін айтқан. Ол оған хаттама толтырылып, айыппұл салынып қойғанын айтып темекісін қолында ұстап тұрып қоштасады. Текпешекпен көтеріліп бара жатқанда да қолында темекісі кадрде көрініп тұрды. «Орынбасар» бұрылып шығып кетеді.
Енді «орынбасар» деп отырғанымыз арызданушы – Тынышбек Таңатарович Жақсыбаев. Ол бар жоғы 9-сынып бітіргенін, ешқандай оқу орнын бітірмегенін, Жетісай қаласының тұрғыны екенін, Шардара қаласына біреулердің көмегмен келгенін, офистің қайда орналасқанын, карьердің қай жақта екенін бастапқы сот процесінде білмейтін болып шықты.
Сот процесінде Т.Т.Жақсыбаев тек шындықты айту жөнінде антты оқи алмады, әріптерін ежелеп, яғни бұл дегенің арызды өзі жазбағанын, сотта төрағалық етуші арыз иесіне қолына парақпен қаламсап беріп, жұмысқа және ЭСЖҚКД-не арызды қалай, қайтіп жазғанын жаз деп берді. Сол кезде Т.Т.Жақсыбаев өзбек тілі мен қазақ тілі аралас екі қатар түсініксіз бірнәрселерді жазғаны сол жерде оқылып, дәлелдеме ретінде бұл жазылған парағы іске тіркеліп, анықталған болатын.
Бұл істе көрсетілгендей Т.Т.Жақсыбаев 10.06.2013 жылы атқарушы директор болып бекітіледі, және ұлым ұсталған соң, жұмыстан босатылған. Бірақ сол жұмыстан ешқандай жалақы алмаған. Бұл туралы өзі сот процесінде түсінік берді.
Арыз иесі Т.Т.Жақсыбаев басшы болып тұрғанда сотталушы Н.С.Салимбаев өзінің іс-әрекеті арқылы 300 000 теңге пара талап етуі, бермеген жағдайда 4 000 000 теңге әкімшілік айыппұл салады деген өзінің арызында көрсеткен. Қалай 4 000 000 теңге айыппұл салынады, оған дейін әкімшілік айыппұл салынып, жергілікті прокуратураға заң бұзушылық жайында карточка толтырылып, өткізіліп қойылған. Алайда сот Т.Т.Жақсыбаев сот тергеуінде жауаптарын толық берді деп, сотталушы Н.С.Салимбаев әрбір келтірген дәлелдерін дәлелін таппады деп, керісінше қылмыстың ауырлату жағына басымдығын көрсетіп жазып отыр. Әділдік қайда? Тағы бір күмән келетін нәрсе: істе арыз 19.06.2013 жылы жазылған деп көрсетілген. Арыз иесі арызды 20.06.2013 жылы жаздым деп сот тергеуінде айтып отыр. ОҚО ЭСЖҚКД – нің тергеуінде толтырыған іс (Шымкент қаласының орнына) Түркістан қаласында 20 маусым 2013 жылы 19 сағат 58 минутта басталып, 00 сағат 45 минутта аяқталған тексеру және айғақты заттарды алу туралы хаттамасында сотталушы Н.С.Салимбаевтан тінту жүргізген кезде ешқандайда бір айғақ заттар алынбағанын, киімінен, қолынан ешқандайда бір порошок іздері шықпағанын растайды.
Осы мән-жайларды анықтау кезінде тергеуші арыз иесі Т.Т.Жақсыбаевты шақырып, Н.С.Салимбаевқа қанша ақша бергенін немесе бермегенін, ақшаны Н.С.Салимбаев қай жаққа қойғанын және қандай купюрда екенін сұрағанда: азамат Т.Т.Жақсыбаев 300 000 теңге көлемінде Н.С.Салимбаевқа ақша бергенін, ол ақшаны Н.С.Слаимбаев ауладағы жәшіктің ішіне салғанын, ол ақшалардың барлығы 10 000 теңгелік купюрлар екенін айтып, және қол қойып растайды.
Ал, сот тергеуінде арыз иесі Т.Т.Жақсыбаев басқаша яғни Н.Салимбаев темекі қалдығын тастау арқылы іс-қимылмен көрсеткені туралы айтып ақшаны өзі жәшіктің ішіне қойғанын айтады. Аудио-бейне жазбада мұндай көрсетілім мүлдем жоқ.
Баламды «Финпол» қызметкерлері әжетханада ұстап, тінту жүргізеді. Ешқандай айғақ заттар табылмаған соң, бірден төмен түсіріп ауладағы қоқыс жәшіктің қасына алып келеді. Осы орайда олар оның неге кабинетін, шкафын тексермейді?
Ауладағы қоқыс жәшіктің қасына алып келіп, аузын ашқанда әдейі дайындалып төселген аппақ қап оның үстінде ұқыпты қойылған ақшаны көреміз. Сонда аппақ қап қайда шықты, кім әкеліп қоюы мүмкін? Бұл алдын ала дайындалып, арандатушылық мақсатта істелінген ОҚО ЭЖҚКД-нің қызметкерлерінің ісі. Алатын адам еш уақытта қоқыс жәшікке тап-таза аппақ қап төсемейтін шығар.
Сонымен қатар «Техникалық құралдарды тапсыру» хаттамасы 2013 жылы 17 сағат 20 минутта берілгені толтырылған. Ал «Техникалық құралдарды қайтару» хаттамасы 21 сағат 40 минутта тапсырылған. Осы екі арадағы сөздер соңына дейін жазылуға және бейнетаспаға түсуі тиіс болатын. Белгісіз бір, түсініксіз жәйттермен толық жазылмаған. Істе жоқ! Неге бейне таспада қоқыс жәшіктің ішіне ақша қалай салынды және қай уақытта екені көрсетілмеген. Керісінше арызданушы ақшаны екі қолымен өзіне қаратып жауып тұрған түсірілім бар. Одан ары қарай көрсетілім, яғни жәшіктің ішіне ақша қалай салынды, кім салды мүлдем жоқ.
Тағы бір жай судья, үкімнің анықтау бөлігінде Н.С.Салимбаев қоқыс тастайтын ағаш жәшіктің бетін ашып, ақшаны сол жерге темекісіне тастау арқылы қоюды айтқанын, ол жалпы сомасы 300 000 теңгені сол жәшікке қойып, Н.С.Салимбаев жәшіктің бетін жапқан соң сыртқа қоштасып шығып кеткенін арызданушы Т.Т.Жақсыбаевтың жауабымен осылайша бекітіп отыр. Ал аудио-бейне жазбада мұндай кадр мүлдем жоқ. Н.С.Салимбаев Т.Т.Жақсыбаевпен қоштасып, текпешекпен көтеріліп бара жатқанда да Н.С.Салимбаевтың қолында темекісі болды.
Қылмыс пиғылы растығын табу үшін осы 300 000 теңгені Н.С.Салимбаев алады деп бір топ қаржы полициясының қызметкерлері осы қылмыстың соңына дейін күтуі керек еді. Ақшаны алған соң ұстау керек еді. Алайда бұл мән-жайлар сотталушы Н.С.Салимбаевтың қылмысты жасайды деуге толық күмәні болмаған соң қаржы полициясы қызметкерлерінің тарапынан болған қасақана арандатушылық іс-әрекет жасалғаны байқалып тұр.
Қоқыс тасталатын жәшіктің ішіндегі арнайы аппақ қап төселгені, қайдан және қандай жағдайда пайда болды? Бұл туралы тергеу кезінде де, сот процесінде де анықталып баға берілмеді. Яғни бұл мән-жайлар тікелей Т.Т.Жақсыбаевтың пара ретінде берілетін 300 000 теңге шашылып кетпеу үшін арнайы алдын-ала дайындықпен пайда болғаны айқын байқалып тұр. Міне өздеріңіз оқып отырғандай бұл іс қаржы полициясы қызметкерлерінің тарапынан болып отырған – АРАНДАТУШЫЛЫҚ, ӨТЕ АУЫР ҚЫЛМЫС!
Енді «Қызылқұм Строй Сервис» ЖШС-нің директоры Е.Н.Досбембетов ауырмай, сыздамай өзінің орнына танымайтын басқа қаланың тұрғыны Т.Т.Жақсыбаевты қоюға ешқандай құқы жоқ. Ол құрылтайшылармен келісіп шешілетін іс. Карьері, яғни табыс көзі жабылған соң қаржы полициясы қызметкерлерімен бірге ойласып, ұйымдасып, арандатушылық мақсатта жасалған – қылмыс. Ұйымдасқан қылмыс – деп осыны айт, нағыз – КОРРУПЦИЯ!!!
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық Істер мәселелері туралы» №4 20.04.2006 жылғы қаулысының, 12-тармағында істі Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 363-бабымен қысқартылған тәртіпте қарау жағдайларын қоспағанда егер соттың үкімі сотталушы мен жәбірленушінің талданбаған, ақиқатты салыстырылмаған және басқа дәлелдемелермен: куәлердің айғақтарымен, іс жүргізу әдептерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және өзге де құжаттармен расталмаған айғақтарының негізінде ғана шығарылса, онда оны заңды деп тануға болмайды деп көрсетілген.
Нормативтік қаулының жоғарыда көрсетілген түсіндірмесіне және Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы қылмыстық заң нормаларына сүйеніп, осы іс бойынша барлық сейілмеген күдік сотталушының пайдасына шешілетіндігі туралы принципін қолдануға тұжырым жасауға болатыны көрсетілген.
Жоғарыдағы мән-жайларға сүйене отырып, ОҚО Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық сотының №1-548 02 қазан 2013 жылғы үкімін, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 05 қараша 2013 жылғы №1а-497-2013 жылғы қаулысын және Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 30 қаңтар 2014 жылғы №1к-28/2014 ж. қаулысындағы балам Салимбаев Нұржан Саматллаевичке қатысты ҚР ҚК-нің 311 бап 2-ші бөлігі жабылған жала деп өзін ақтауын сұраймын.

Әкесі: С.Д.Салимбаев
«___»_______20___ж.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *