Президент Назарбаевқа!

  

Аса құрметті президент Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен, Рауан Тұрғантай үшінші топтағы мүгедекпін. Атырау қаласының тұрғынымын. Аз қамтылған отбасы ретінде осыдан 10 — жыл бұрын, яғни 2007 жылы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға орай үй кезегіне тіркелген болатынмын. 2012 жылы сол кездегі облыс әкімі Б.С.Ізмұқанбетов менің денсаулығыма орай маған уақытша тұра тұруға, яғни заңды үй кезегім келгенше уақытша тұра тұруға кухнясының көлемі небәрі 4 кв.м болатын тар бөлме берген болатын. Мен сол бөлмеде уақытша тұрып өз үй кезегімді күтіп жүргенмін. Алайда 2013 жылы Атырау қалалық тұрғын үй бөлімі (ЖКХ) мені көп жылдардан тұрған заңды үй кезегімнен алып тастады, яғни мені заңсыз үй кезегінен шығарып тастады. Олар мені үй кезегінен облыс әкімшілігінің тапсырмасымен шығарғанын жасырмай айтты. Оған басты себеп — менің сол жылы жарық көрген «Қазақтың мәдинасы» атты кітабымның жарық көруі еді. Бұл кітапты мен Қазақстан республикасының еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 60 — жылдық мерейтойына арнап шығарған болатынмын. Алайда ол кітапта әншінің творчествосынан басқа артық ештеңе жазбаған сияқты едім, қай жерінен кінәлі болып қалғанымды әлі күнге түсінбей жүрмін. Сол кітап шаққан уақыттан бері билік тарапынан қудалауға ұшырап келемін. Жаныма ең бататыны 10 -жыл сарыла күткен тұрғын үй кезегімнен шығып қалғаным болып отыр. Жалпы соңғы 10 жылда Атырау қалалық тұрғын үй секторының меңгерушілері болған Нұрлы Хабиева мен Марта Нұрғалиева басқарған уақытта көптеген заңды белден басушылық орын алды, заңсыз үй кезегінен шығарылған фактілері анықталды, кезектен тыс үй беру фактілері тіпті көп болды. Осыған орай, үкімет тарапынан Атырау қалалық тұрғын үй секторының соңғы 10 жылдағы әрекеттеріне текеру жүргізілуін талап етем. Ең бастысы менің 10 жыл түрған заңды тұрғын үй кезегімді қалпына келтіруді өтіне сұраймын. Осы кезге дейін осы мәселемен шағымданбаған жерім жоқ. Бірақ еш нәтиже жоқ!

С уважением,
Рауан Тургантай

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *