Поздравительное письмо президенту РК

  

Ассалаумағалейкум аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Мен Әмірқұлов Шыңғысхан Бақытжанұлы ,Жамбыл облысы,Меркі ауданы,Меркі ауылның №17 Иван Иосифович Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушысымын.Мен сізді алда келе жатқан 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің күнімен, сонымен қатар 16 желтоқсан- еліміздің тәуелсіздік алған мерекесімен шын жүректен құттыұқтаймын!Құттықтай отырып, сізге зор денсаулық,ұзақ өмір,еңбегіңізге табыс,жаңа жетістіктер,отбасыңызға амандық,құт-береке тілеймін. Еліміз тыныш,жұртымыз аман ,аспанымыз ашық болсын.Өзіңіз басқарған еліміз алда талай асуларды бағындырып,тек қана шыңдардан көрінетініне сенімім мол.Әрдайым сізді теледидардан тыңдап,ұшқыр ойыңызға,даналық сөздеріңізге,көрегендік саясатыңызға таңданып отырамын.Осы эмоциямды парақ бетіне түсірген кездерім де болды.Бүгінгі күні сол шығармашылық жұмыстарымды өзіңізге жолдап отырмын.

ЖЫРЫМДЫ СІЗГЕ АРНАЙМЫН…
(Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арнау)

Жырым сізге Елбасы арналады,
Қызыл тілім шаттықпен жар салады,
Салмақты да мағыналы сөздерді айтсам,
Бір- біріне жалғасып өзі ағады.
Ал егер түбі терең тарихты айтсам,
Хандарды елде болған тез санады:
Керей менен Жәнібек,
Тәуекел,Шығай, Есім хан,
Жәңгір менен Абылай хан,
Жалғасы болған Нұрсұлтан…
Айта кетсем ел басшысы Нұрағамды,
Қазақстандай тұғырлы мемлекеттің,
Тізгінін мықтап ұстап ол шабады,
Асу асып, қабырғасын қиындықтың,
Батыл барып екпінімен қақ жарады.
Ары қарай жүйіткіп,тағы шапты,
Таққа отырып,ел көңілін бірден тапты,
Сарқыраған тау суындай атылып,
Келешегін қазақтың ойлап ақты,
Қазағымның орынын әлемдегі,
Тоқсан бірде дөп басып, қайта тапты.
Қастерледі елімнің рәміздерін,
Гимнін, елтаңбасын және туын,
Өйткені көрді ғой алаш жұртым ,
Жетімдіктің жан терлеткен ыстық буын,
Түсінсін деді соның бәрін,
Қазағымның келешегі соңғы буын.
Қызыл тілін қазақтың дауылдатты,
Ұмытпаңдар ана тілді, баба тілді,
Деуменен Нұратам талай рет жалындатты,
Ақыры тоқсан жетінің шілдесінде,
Тіл туралы заңымызды қабылдатты,
Не істесе де ел дамуын дамылдатты,
Он жылда Есілге есім қосып,
Астана деген нұрлы таңым атты.
Үлкен рахметімді айтамын Нұратама,
Айтпесе жайдан жай жыр жазамын ба?,
Бәріңе осылай жүректен сыр қазамын ба?.
Ақылменен ой қозғатып ойланып,
Көп отырып тер ағызып толғанып,
Ел тарихын тереңінен түсініп,
Дұрыс шешім жасадыңыз кісілік!
Өмір деген бүгінде теңіз болса,
Теңізде қалқып жүзген біз кемеміз,
Сол кеменің ескегіне қол байлаған,
Елбасыға алаш жұрты сенеміз!
Теңіз емес мейлі құмды шөл болса да,
Нұрлы адамның артынан біз ереміз!
Осындай басшының барына мақтанайық
Саналы,көзі ашық қазақ ұрпақ!
Қазақияның тізгінін мықтап ұстап,
Нұр ізімен болашаққа аттанайық.
Барша әлемге мақтанышпен бәріміз,
Қазақстан,Қазақстан!-деп жар салайық!

Тәуелсіздік еліме ауыр келді…
Егеменді елімде,
Ұлан-байтақ жерімде,
Діні аман ұлтымда
Тілі сараң жұртымда,
Тыныштық дайым орнасын,
Тәңірім бізге нұрлы күн
Жаудырып, шашып жолдасын.
Тәуелділіктің аязына,
Тоңбасын жұртым тоңбасын.
Ендігі келер шақтарда
Бір Алла бізді қолдасын.
Қиналдың-ау қазағым,
Сол бір ауыр шақтарда,
Көп көрдің-ау, азағым,
Аш қалып, азап тартқанда.
Бүгінгі қазақ тәуелсіз,
Оның қалай келгенін,
Бәрі біліп жатқан ба?
Түсінсін деп халайық,
Ыңғайына өлеңнің,
Ұйқастырып салайық,
Сонау көзге жас алар,
Желтоқсанға барайық ,
Тарих бетін парақтап,
Жылдарды өткен аралап.
Тәуелсіздік еліме
Келді ауыр жаралап!!!
Бодан болдық біреуге
Сеніп едік тіреуге ,
Қорқып қалдық өз тілде,
Емін-еркін сөйлеуге,
Талай жанды жылатып,
Ащы үнін сайратты,
Мазағын да қоймады,
Халық зарына тоймады,
Бетін басып жұртымның
Ойнады ғой ойнады,
Пайдаланды
Байлығын да даламның,
Пйдаланып
Аңқаулығын санамның,
Бетін ашты бітпей тұрған жарамның.
Бірақ,көк бөрінң ұрпағынан жаралған
Батырлардан ақ тұмандай таралған
Қазағым менің берілмеді, теңселмеді,
Қорқыныштан, үрейден сескенбеді,
Тәуелсіздік жолында еңіреді,
Жәбір көрген қазағым,
Не көрсе де алдынан жеңілмеді!!!
Көш басын ұрандай бастаған,
Жүрекке толғандырар ой тастаған,
Шытынамас берік тастар,
Бұл іске негіз болды,
Намысшыл қазақ жастар,
Айта кетсек:
Қайрат пенен Ләззаттар,
Алтынменен қапталған,
Мәңгі өшпес ұлы аттар,
Үлкен көлдің негізі,
Мөлдіреген бұлақтар!!!
Желтоқсанның ызғары,
Талай жылдар сыздады,
Он алтыншы желтоқсан,
Жұрегінде түгі бар
Намысшылдар оянып,
Қалың жұрттың қызғаны,
Жарыққа бастар қамалды
Жалындап барып бұзғаны
Ұмытпаңдар жарандар,
Ерліктерін ерлердің,
Біздер үшін сол таңда,
Ащы аққан терлерін
Тәуелсіздік қазаққа,
Қалай ауыр келгенін !!!

Жайқала бер, Астанам !

Жайқала бер, Астанам,
Өркендей бер жас қалам,
Саған арнап ән салам,
Күллі әлемге мақтана,
«Астана» деп жар салам!

Сарыарқаның төсінде,
Сән бердің сен Есілге.
Жас қала да бас қала,
Астанамыз өсуде.

Сен әлі жассың ,жалықпа!!!
Қанатың талмай қалықта,
Ұнайсың сен бәріне,
Жастарға да, кәріге,
Таң қалдырар шығарсың,
Біздерді сен әлі де?

Ордасы болдың елімнің,
Ортасы болдың жерімнің,
Символы да болдың сен,
Халық артқан сенімнің.
Путин,Барак келгенде,
Мақтанышы елімнің,
Қалықта Астана ,қалықта!!!
Биік ұшып,тік қара,
Ел қызығар,қол созар,
Арман қала сен ғана!

Тәуелсіздік- ата-баба арманы.

Тәуелсіздік- ата-баба арманы,
Арайланған алтындайын әр таңы.
Тәуелсіздік – құт мекені елімнің,
Ырысы мен байлығы ғой жерімнің.

Тәуелсіздік – еркіндіктің тірегі,
Қуаныштан асқақтаған жүрегі.
Тәуелсіздік – берекенің бастауы,
Аппақ қардай ақ ниеті , тілегі.

Менің ой- арманым…

Отырамын, ойланамын, Терең ойға шомылып, Мен толғанамын, Армандаймын,шексіз кең далада Жалғыз өзім қалғандаймын. Арманымды құшақтап, Кеттім ұшып сол даланы аралап,
Дәрігер неге болмасқа ? Ауруларды емдесем, Көмек берсем науқасқа Бір ғанибет болмас па? Дәрігер болып жүргенде , Тағы бір ой мазалап, Қызықтап жердің қыртысын Геолог неге болмасқа? Жаңалықтар ашып мен, Халқыма қызмет көрсетсем Арманыма жетермін. Арманым көп қой бірақ та, Жету керек мұратқа, Іздесең егер табарсың Өз жолыңнын бағытын. Таймау керек сол жолдан, Қалған жолда ну,орман , Түскен адам орманға Мәңгілікке адасқан. Ой теңізін жағалай Армандаймын ары қарай. Ақын болсам егер мен, Өлең-шумақ арқылы, Ойымды еркін жеткізем, Аңыз-әңгіме арқылы Жұрт көңілін табар ем, Ақындықтан басқа да, Арман көп қой жалғанда, Ұшқыш болсам егер мен
Көк шыңында қалықтап, Дархан,байтақ далама Көз талмастан қарар ем! Ұстаз болсам егер мен Тыңдарман-ау, сенер ме ең, Жас бүлдіршін, балаға Күн нұрындай жаудырып Тәлім-тәрбие берер ем!
Арманымның түбіне , Шаршап- шалдығып жеткенде, Мен мынаны түсіндім, Елі сүйген ері боп, Халқы сүйген сері боп, Басыма менің бақ қонып, Жүрегім әрқашан ақ болып, Сегіз қырлы,бір сырлы Жігіт деген ат қонып, Сүрініп те жүгіріп, Қиналып та қуанып, Өмір деген сынақтың Шыңына барып қонғанда, Ел басқарсам деймін мен
Көштің басы болғанда,
Ата-ананың үмітін, Ата-ананың сенімін, Ақтармын мен тек сонда!

Ақын болғым келеді

Ақын болғым келеді, халайық, ақын болғым,
Келеді бір сатыға қара сөзге жақын болғым,
Көзден жас, тілімнен сөздер ақты,
Ақындық жан дүниеме әбден жақты.
Күллі бір аққан желдей зымырайды,
Сөздерім ұйқас тауып мән құрайды,
Қызыл тіл орнын тауып тез бұрайды,
Ал қолым не жазам деп,
Жүректен сөз сұрайды!!!

Жас жүрегім бұлқынды,
Ел үшін қағысын жылдам қағып,
Жұлқынды жүрек жұлқынды!!!
Оятамын деп намысты,
Ұмтылды жүрек ұмтылды!!!
Тіл қадірін білуге
Үйретемін дейді сара ұлтымды!!!

Мерейлі Меркім

Меркі деген киелі жер өрлеген,
Жер жәннаты деуге лайық бүгінде,
Ала таудың баурайына төрлеген.
Сені күннің шуағына теңеймін,
Нұрыңнан қуат алып,ер жетіп мен есейдім.
Ал егер сарқыраған өзен-суға теңесем,
Арнаң болып, жылдан жылға кеңейдім..
Теңеу табу өзіңе қиын маған,
Дүиненің ең жақсысы лайық саған.
Табиғатың адамды тамсандырып,
Қарап тұрып жалындатып шабыт жағам.
Аспаның бар бұлттарыңмен санасқан, Біик шыңдар сол аспанмен таласқан, Өзенің бар суы мөлдір сырғыған, Бұлақтар бар бастау алған қырлардан.
Аң-құсы бар тау-даланы мекен еткен, Меркімнің даласында бұрындары,
Ақбөкен мен қарақұйрық тұяқ тепкен,
Қыраны бар аспанда қалықтаған,
Бейбітшілік сақтаудан жалықпаған.
Балаллығым өзіңде өткен еді,
Талай күн қызығымен кеткен еді.
Сол бір шақ тұңғыйығы жатыр терең,
Топырағыңды шаңдатып ойнаған ем,
Жаз жайдары жазылып,көңіл сергіп,
Көлдеріңнен балықты қоймаған ем.
Кешкі ымыртта есетін самал желдің,
Иісін иіскеп ешқашан тоймаған ем.
Тұяқ теуіп, жүгіріп, сенің мәңгі,
Құлының боп қаламын деп ойлаған ем.
Көздерімнен балалықтың оты жанып,
Бақыттың ыстығына қайнаған ем.
Туған жерім, Мерейлі Меркім саған,
Балалықтың сол бір жібін байлаған ем !!!..

Бақыт деген….

Бақыт деген не болды екен жалғанда?, Бақытты адам,іздеп тауып алған ба? Қиялынан шығарып, суреттеп бояп салған ба? Біреулер бақытты іздейді екен, Нысанаға салып ап көздейді екен, Ал біреулер бақытқа сенбейді екен, Бақытының қасында, Жүргендігін сезбейді екен.
Айтайын мен талқылап, Ой көлемін шарықтап , Не екенін анықтап.
Бақыт деген ата-анаң, Бақыт деген бауырың, Оларсыз бұл жалғанда Айтшы маған мән бар ма?
Бақыт деген -Отаның Сүй Отанды ,қорға оны. Отан деген біреу ғана болғаны.
Бақыт деген- достардың көп болғаны, Қиын сәтте бірге боп, қолдағаны. Бақыт деген-мақтан тұтар қазағың ғой, Соған арнап өлеңдерді жазамын ғой.
Бақыт деген-баға жетпес таза тілің , Жүректе орын алған шексіз ілім. Бақыт деген- қабылдаған түзу дінің,
Құдайға жалбарынған әрбір күнің, Тыныш өткен қашан да айлы түнің.
Бақыт деген –намысың ғой жалындаған Бақыт деген –армандар ғой орындалған!!!

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *