Образование

  

Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге осылайша желі арқылы хат жолдау мен үшін үлкен мәртебе.
Менің сізге хат жолдау себебім, мен Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар Әлем тілдері Университетінің педагогикалық факультетінің 2 курс студентімін. Аты аталған оқу орны өте ұнайды, сабақ үлгерімім өте жақсы. Қазіргі таңда тек қана бір арманым бар, ол ақылы бөлімнен грантқа ауысу. Өкінішке орай, Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай кедергі себеп болғанын білмеймін ойдағыдай балл жинай алмадым. Мемлекет беріп тұрған мүмкіндікті пайдалана алмадым(((
Менің оқығым келеді, мектеп партасынан бері озат оқушылар қатарындамын. Олимпиада, конкурс, үйірме барлығына дерлік ат салысып отырамын. Менің ойыма оралып мұңға батыратыны әке-шешемнің жалақысы оқуыма төлеуге жеткіліксіз. Әбден қарызға кіріп кеттік. Оларға көмек ретінде өзім аз-маз жұмыстарды істеп жүрмін. Бар үмітім сізде, маған тіптен грантқа оқитындардың степендиясы да керек емес, тек оқуымның ақшасы төленсе болды, киім-кешек, тіптен азық-түлікте керек емес.Тек оқуымды бітіріп, халқыма қызмет ету. Осы оқуды бітірсем, мемлекетім үшін аянбай қызмет етемін. Бір-екі жылдан соң жұмыс істеп тапқан жалақымнан мемлекет оқуыма деп бөлген бар сомманы қайтарамын. Тек қазір кішкене қолдау тапсам болғаны. Менің хатым сізге жетеді деген үмітпенен, хат жаздым. Өтінемін сізден,..
Құрметпен, Тлебалдина Әсем Ермекқызы

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *