Мен Алекұлы Хасен монголиядан келген оралманмын осы елдің азаматымын жұбайым Турсанхан Маржанға осы елдің азаматтығын ала алмай отырмыз осы мәселеге көмектессеңіз құрметті нұр үстіне нұр болатын еді.

  

Біз Ақмола обылысы Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылында тұрамыз осы жердегі көшіқон органына заңнамада көрсетілген дакументтердің барлығын тапсырдық азаматтық берілмейді деп жауап келді. Себебі: әйелім студент кезінде, сосон үйленген кезімізде монголияға барып келген кезімізде тіркелу күнін өткізіп алдық сол себепті заңнаманы 3 жылдың ішінде 2 рет бұзған болып есептеліп отыр. Заңнамаға сәйкес азаматтыққа дакумент тапсырған кезде сол жылдары заңнаманы бұзуға болмайтыны себепті азаматтық берілмей отыр. Енді тағы бір жыл күтіп сосон ғана тапсыра алады екендіз сіз бізге азаматтықты алуға көмектессеңіз мені қынжылтатын мәселе бізде 2 баламыз бар балаларымның туу туралы куәлігінде аналарының азаматтығы Монголия деп тайға таңба басқандай жазылып тұр. Жұбайым екеуміз Тәуелсіз еліміздің түйдей құрдасымыз бізге тәуелсіздікке тарту қылып осы азаматтықты жұбайыма алуға көмектессеніз. Біз жас отбасы болғанымыз себепті бізге өте қиын тағы дакументтер жинап тапсыру және де әйелім азаматтық алмаса оқу бітіргеннен кейін дипломмен ауылға бағдарламасына қатыса алмайтын болып бізге қиын соғуда басымызда әлі үйіміз жоқ. Әйелім жұмыс істеп сырттап оқу оқиды пәтердің ақшасы бар ай сайынғы тұрмыстық қажеттіліктер бар күнделікті қиын соғуда. Қазір әйелім жас баламен үйде мен мұғалім болып мектепте қызмет етемін. Құрметті Елбасы бізге көмектессенің сізге айтар алғысымыз өте мол.
Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының Микрорайон 5\4 тұрғыны Алекұлы Хасен Тел: +77774606529

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *