Глубокие корни коррупции.

  

Қазақстан Республикасының Халқы мен Қазақстан
Республиканың Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ,.
А.Мендибаев ,. Ақтѳбе қ.
41 – разьезд , Қобланды батыр к – сі 48 – үй
тұрғыны ,. тел : 988085

Ашық Хат – SОS !

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ақтѳбе облысының Әкімі Б.Сапарбаевтың ғаламдық кризис жағдайларына байланысты жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жұмыстан шығармау туралы 05.05.2016 жылғы және осыған дейінгі Үндеуі мен тапсырмасы Ақтѳбе облыстық деңгейдегі лауазымды адамдармен орындалған жоқ.
Айналадағыларға қауіп тѳндіретін психикалық ауру түрлерімен , соның ішінде шизофрения ауруының ауыр диагнозымен ауыратын науқастарды Қарттар және мүгедектер интернат үйіне емес басқа арнайы мекемелерге жатқызу мәселелерін талқылауға ұсынғаны үшін әуелі Қарттар және мүгедектер интернат үйі ММ — нің директоры Е.Бейскалиевтің « Еңбек шартын бұзу туралы » 16.02.2016 ж.№ 87 – жс және № 88 – жс бұйрықтарымен Тәртіптік жазасы бар және лауазымдық міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамағаны үшін медицина бѳлімінің меңгерушісі Н.Сисенбай және дәрігер психиатр А.Мендибаевпен жасалынған еңбек шарты 2016 жылдың 17 ақпан күні бұзылады.
Бұл ,
дерек жұмыскерлер Н.Сисенбай мен А.Мендибаевтың еңбек қызметін растайтын құжатында кѳрсетіледі.
16.02.2016 ж.№ 87 – жқ бұйрықты сәйкеске келтіру туралы сериясы ББ № 3873399 еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес шығарылған Қарттар және мүгедектер интернат үйі ММ — нің директоры Е.Бейскалиевтің 04.04.2016 ж.№ 139 – жқ бұйрығына сәйкес жұмыста жоқ жұмыссыз жүрген Н.Сисенбаймен жасалған еңбек шарты 2016 жылғы 18 ақпаннан бастап ал 16.02.2016 ж. № 88 – жқ бұйрықты сәйкеске келтіру туралы сериясы ББ № 3872510 еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес шығарылған жұмыс беруші Е.Бейскалиевтің 04.04.2016 ж.№ 137 – жқ бұйрығына сәйкес жұмыста жоқ жұмыссыз жүрген А.Мендибаевпен жасалған еңбек шарты 2016 жылғы 06 наурызынан бастап жалпы демалыс жексенбі күні қайтадан бұзылады.
11.05.2016 ж.№ 1 – 2 – 14\2227 , 15.06.2016 ж.№ 1 – 2 – 18\2875 – санды Ақтѳбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Әмірғалиевтің құжаттарына сәйкес жұмыста жоқ жұмыссыз А.Мендибаев пен Н.Сисенбайға есеп – айырысу еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша тѳлем — ақы тѳленеді.
Осы ,
кѳрсетілген іс — әрекеттерге қатысты 29.02.2016 ж.№ 70 — 03 — сан Ақтѳбе облыстық Кәсіподақтар орталығының тѳрағасы Т.Айжарыковтың , 29.02.2016 ж.№ 260 — сан Қазақстан Республикасы мемлекеттік , банк мекемелері және қоғамдық қызмет кѳрсету қызметкерлері кәсіподағының Ақтѳбе облыстық филиалының тѳрағасы А.Бимұратовтың , 18.03.2016 ж.№ ФЛС02428\0 – сан Ақтѳбе қаласы әкімінің орынбасары Қ.Әлімовтің , 06.05.2016 ж.№ К\Е00899\5\6\7\8\9 – сан Ақтѳбе облысы әкімі аппаратының басшысы М.Елеусізовтің құжаттарына сәйкес Ақтѳбе облысы Әкіміне жазған шағымдар ( ашық хаттар ) бойынша кѳрсетілген мәселелерді жан – жақты қарау мақсатында комиссия құрылды.
Комиссия құрамына облыс әкімі аппаратынан , денсаулық , еңбекті қорғау , әлеуметтік қорғау саласының мамандары тартылды.
Кѳрсетілген мән – жайларды зерделеу барысында түсініктемелер , тиісті материалдар жинақталды.
Жұмыс орнындағы еңбек қатынастарына қатысты қызметтік құжаттармен танысу , басқа да деректерге талдау жасау , мекеменің жауапты қызметкерлерімен және кәсіподақ ұйымының жетекшісімен сұхбаттасу арқылы қаралып , еңбек шарттары жұмыс берушінің бастамасымен Заңсыз бұзылғандығы анықталды.
Бұған қоса ,
29.03.2016 ж.№ 2 — 03070 — 16 — 03927 — сан Ақтѳбе облыстық Прокуратурасының 1 — ші басқарма бастығы М.Мырзамұратовтың , 19.04.2016 ж.№ 2 — 030107 — 16 — 11182 , 19.04.2016 ж. № 2 — 030107 — 16 — 11184 — сан Ақтѳбе қаласы Прокурорының м.а. С.Тлеулесовтің , 25.04.2016 ж. № 2 — 03070 — 16 — 05159 — сан Ақтѳбе облысы Прокурорының орынбасары Ж.Мұхамедияров пен 21.06.2016 жылғы Заңгер Г.Утенованың және 27.06.2016 ж.№ ЖТ – С – 2811 – сан Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Н.Тілеуовтың құжаттарына сәйкес Ақтѳбе қаласының Прокуратурасымен тѳмендегідей Заң бұзушылықтар анықталды :
Қарттар үйінің директоры Е.Бейскалиевтың қарттар үйінің дәрігерлері Н.Сисенбай мен А.Мендибаевты жұмыстан босату туралы 16.02.2016 жылғы 87 және 88 санды бұйрықтары аталған Кодекстің талаптарына қайшы.
Осыған сәйкес тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторымен қарттар үйінің директорына аталған бұйрықтарды заң талаптарына сәйкестендіру туралы нұсқама берілген.
Бірақ « жұмыс берушінің Заңсыз актісін заңға сәйкес келтіру ( сәйкестендіру ) » құрылымдық элемент мәтінінің Қазақстан Республикасының еңбек Кодексінің нормасына енгізілу фактілері Ақтѳбе қаласы Прокурорының м.а. С.Тлеулесовтың құжатымен анықталған және қала Прокуроры F.Әміровтің құжатымен дәлелденіп расталған болса да бұл фактілер тиісті органдардың назарына алынған жоқ.
Бүгінгі таңда ,
тәуелсіз егеменді Қазақстанның тең құқылы азаматы ретінде Заңға жүгініп әділдік іздеген азамат Н.Сисенбай мен А.Мендибаевтың және олардың сенімхатқа негізделген ѳкілі С.Бектурсиновтың қатысуымен 21.07.2016 жылы шамамен 16.00 – сағатта жеке тұлғалар сенім артқан Ақтѳбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қабылдауы ѳткізілді.
Қабылдау отырысында жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары мен Заңдылықты қалпына келтіру туралы мәселе әкіммен қозғалған жоқ.
Бұл отырыста әкім істің мән — жайынан хабардар екендігін , істің ѳзінің жіберген комиссиямен тексерілгенін , ұсынылған басқа жұмыстан Н.Сисенбай мен Ә.Мендибаевтың бас тартқандарын жұмыс берушінің жұмыскерлерді еңбекке уақытша қабілетсіз кезеңінде жұмыстан шығаруы дұрыс емес екендігін , сол үшін жұмыс берушіге қатаң сѳгіс берілгендігін , келіспеген жағдайда Сотпен шешулерін айтып сѳзін қысқа қайырды.
« Жұмыс берушінің Заңсыз актісін заңға сәйкес келтіру ( сәйкестендіру ) » құрылымдық элемент мәтіннің Қазақстан Республикасының еңбек Кодексінің нормасына енгізілуінің әшкере болған фактілері туралы жұмыскерлермен қосылған ѳтініш әкімге ұсынылды.
Жұмыскерлердің комиссияны қайта құру мәселесі бойынша егер комиссия құрылған жағдайда істің мәні дәлелденбесе жауапқа тартыласыңдар деген басшының сѳзінен кейін әңгіменің басы ашылды. Әкім Б.Сапарбаев хатшыға осы іске қатысты әрекеттері үшін үстінен шағым жасалған болса да оның дәрежесін ѳзі кѳтеріп Ақтѳбе облысының әкімі аппаратының басшысы етіп тағайындаған А.Әмірғалиевті шақыртып оған Прокуратура және басқа да тиісті органдардың мамандарынан комиссия құрып істің мән — жайын тексеріп , істің мәні дәлелденбеген жағдайда жауапқа тарту туралы тапсырма берді.
Істі басшы А.Әмірғалиев шеше ме деген де Заң шешеді деп әкім Б.Сапарбаев сѳзін кесіп айтты.
Бұл ,
жаңғырық 20 – шы ғасырдың 37 – ші жылының « Репрессия » күндерінің Үні ме , Түйе — Тѳбе ,
әлде қалай !
Береке сенімге негізделетіндіктен ҚР Конституциясының 1 – бабының 1 – тармағын
3 – бабының 1 , 3 – тармақтарын , 40 – бабының 2 – тармағын , Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы ҚР Заңының 17 — бабының 4 — тармағын , Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс – қимыл туралы ҚР Заңының 24 – бабының 3 – тармағын қамтамасыз етуіңіз арқылы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдескен Қазақстан Республикасының азаматтары А.Мендибаев пен Н.Сисенбайды мемлекеттің қорғауына аруыңызды және заңмен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуіңізді ,.
Жеке және заңды тұлғалардың ѳтініштерін қарау тәртібі туралы ҚР Заңының 10 – бабының 1 – тармағын қамтамасыз етуіңіз арқылы осы Ашық хат — SОS ! құзыретінде кѳрсетілген фактілердің жігін ашуыңызды және ақты ақ деп , қараны қара деп бағалауыңызды ,.
Жеке және заңды тұлғалардың ѳтініштерін қарау тәртібі туралы ҚР Заңының 15 – бабының 2 – тармағының 6 – тармақшасын , Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ҚР Заңының 29 — бабының 4 — тармағын , 39 — 1 – бабын
қамтамасыз етуіңіз арқылы Ақтѳбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен құрамы облыс әкімі аппараты денсаулық , еңбекті қорғау , әлеуметтік қорғау саласының мамандарынан құрылған комиссиясымен қарттар және мүгедектер интернат үйіндегі кемшіліктер (бұзушылықтар) анықталған және осы іске қатысты іс — әрекеттері үшін үстінен шағым жасалған лауазымды адам А.Әмірғалиевке қайтадан комиссия құрып оның құрамына Прокурорды қосу арқылы дәлелденбесе жауапқа тарту туралы жүктелген тапсырманың мәніне Республика Президентінің және оның Халқы мен Үкіметінің алдында Ақтѳбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың БАҚ – ның қатысуымен жауап беруін қамтамасыз етуіңізді ,.
ҚР Конституциясының 4 — бабының 4 — тармағын , 12 — бабының 1 — тармағын , 34 — бабының 1 – тармағын , Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы ҚР Заңының 5 – бабының 1 – тармағының 1 – тармақшасын қамтамасыз етуіңіз арқылы Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын , оның ішінде бұзылған еңбек құқықтарының ( жұмысының ) және Заңдылықтың қалпына келтірілуін қамтамасыз етуіңізді ,.

Құрметпен Ә.Мендибаев ,. 25.07.2016 ж.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *