Ашық хат!

  

Ашық хат!

Кентау қаласынан, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы: Бауыржан Ақылбек, Кентау қаласының құрметті азаматтары: Жүсіпов
Өміртай, Нарбек Мұсабаев,Әзімхан Қошқарбаев, Ақтөреев Орынбек, ұстаз – ана Аманкүл Бекшораева, және Желтоқсан қаҺармандары мен қала халқының атынан!

Аса қадірменді Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы сіздің кеңбайтақ Қазақ еліңізге, жеріңізге сүйіспеншілікпен қараған берекелі де, ұлағатты іс құндылықтарыңызбен, бұл күндері барша Қазақ елінің халқын жан-жүрегіңізбен сүйіп, өзгеге тәуелді болмай, өз іргемізді ынтымақпен берік ұстап, өзгелерге көз алартпай ірілігімізді, ұлттығымыздың беріктігі мен даналық қайнар бұлағымыздың сарқылмас бөлігін айқындап бергеніңізді, иісі қазақ халқым шашау шығармай қабылдайды деп білеміз.
Осы жақын арада өзіңіздің теледидар арқылы айтқан: «Мәңгілік елімнің атауы «Қазақ елі» болса, деп халыққа хабарлап, ой салғаныңыздың куәсі болған жоғарыдағы көрсетілген ұлтжанды азаматтарыңыздың ыстық ықыласын қабылдайды деген сеніммен «Ашық хат» жолдап отырмыз.
Сіздің Қазақ «стан»-ды алып, «Қазақ елі» атауын алсақ», деген жүрек жарды асыл қазыналы сөзіңізді жадымызға түйіп, Аллаға шүкіршілік еттік.
Ия, бұл қасиетті сөз бізден де басқа, «ұлтым» деген, «қазағым» деген азаматтар мен азаматшалардың жүрегіне «нұр» болып құйылмасы мүмкін емес!
Сол себепті Кентау қаласынан,қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы: Бауыржан Ақылбек, Кентау қаласының құрметті азаматтары: Жүсіпов Өміртай, Әзімхан Қошқарбаев, Ақтөреев Орынбек ардагер ұстаз -ана Аманкүл Бекшораева және Желтоқсан қаҺармандарының атынан ыстық ықыласымызды білдіріп, ата-баба арманын кемеңгерлікпен,даналық көзбен биылғы жолдауыңызда «Мәңгілік елдің ірге тасын қаладық»,- деген тамыры тереңде жатқан мың жылдық қағидаларыңызды жадымызда түйіп, «Мәңгілік Ел-Қазақ Елі» деген атаумен, отыз елдің қатарына енуге бар күш жігеріңізді аямай, Мемлекетіміздің атауын дұрыс таңдағаныңызға тағыда, Аллаға үздіксіз шүкіршілік етеміз!
Құрметті аса, қадірлі ,Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, дана кемеңгері, көш басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы сізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Ынтымағы жарасқан, әлем елдерінен оза түсіп, өркениетті ел қатарына Қазақ елін қосатыныңызға сенім білдіре отырып, ұзақ өмір, ден-саулықты Алладан медет ете сұрап, алғысымыздың шексіз екенін білдіргіміз келді!
Қашанда ел дегенде етжүрегіңіздің елжіреуі сарқылған емес, сонау-тәуелсіздік алғаннан бері, халық игілігінің ізгіліктерін әрбір жолдауларыңызда таңбалап көрсетіп келесіз. Қанша рет аяғыңыздан шалғысы келген пасықтарға тосқауыл бола білдіңіз. Жиырма екі жылда Қазақ еліңізді әлемге таңдай қақтырып, Мемлекетіміздің экономикасын жан-жақты дамыта,қарастыра келіп,жұмыс орындарын ашумен қатар кәсіпкерліктің сан алуан түрін, иновоциялық жолмен дамытудың негізін қалап беріп келесіз.
Біздің бұл сөзімізді жүрек жарды ел үшін қашанда басын тауға да, тасқада ұрып, қазағым бар, тілім барсонымен бірге үнім бар деп жүргеніні-қарындас, дана қарияларымыз сізбен үндес екенімізді білгеніңіз абзал.
Кентау қаласынан,қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Бауыржан Ақылбек, пен Кентау қаласының құрметті азаматтары: Жүсіпов Өміратай, Әзімхан Қошқарбаев, Ақтөреев Орынбек, ұстаз-ана Аманкүл Бекшораева және Желтоқсан қаҺармандарының тәуелсіз еліміздің тұғырлы Мәңгілік елге айналуына бір тамшы үлесіміз тамса деп жүрген қазақ азаматтары мен аналарының ақ тілегінен туындаған пікір екенін біліңіз.
Аса қадірлі, данышпан Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы біз сіздің «Мәңгілік Ел- Қазақ Елі» деп, ұлттық идеямыз бен құндылықтарымызды, қағидаларымыздың тамырын мың жылдыққа айналдыруыңызға «Алла» нәсіп етсе, жүзеге асыратындығыңызға сенім білдіреміз!
Барлық адамзат баласы ізгілікке, игілікке, адалдыққа,жақсылыққа, табандылыққа ұмтылары ақиқат.
Жер-ананы сақтап келе жатқан әуелі Алла тағала, одан кейін сіздің адалдық пен адамгершілік, әділеттілік пен ізгілікті қасиеттеріңіздің сарқылмас бұлағы деп білеміз!
Елдігіміздің бірлік-ынтымақтығы нығая берсін дей келе,
«Қазақ Елі –Мәңгілік Ел» атануына барлық ұлтым деген Алланың пенделерінің атсалысуға шақырамыз!

Кентау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы: Бауыржан Ақылбеков.
Қоғамының төраға орынбасары: Аманкүл Бекшораева

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *