Аналық ақ алғысым

Аналық ақ алғысым
Кемеңгер көш басшымыз, пайымды да парасатты саясаткер, халқым, елім деп әлемге қазақ елінің даңқы мен мәртебесін паш еткен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жолдауында «Мәңгілік ел» идеясын ұсынып, экономикамызбен мәдениетімізді, тілімізді, халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру үшін зор міндеттер жүктеген болатын.
Республикамыздың барша азаматтармен бірге менде Жолдауда тұжырымдалған бағыттарды, Елбасының саясатын қызу қолдай отырып, алға қойған келелі міндеттерді орындауда халықты іске, жауапкершілікке жұмылдыра білетін басшыларымыздың бірі –Атырау облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов дер едім.
Облысымызға әкім болып тағайындалғаннан бері жоспарланған жұмыстарды тікелей өз бақылауына алып, қадағалау, жауапкершлікті талап ету Бақтықожа Салахатдинұлының күнделікті ісіне айналды десек артық айтпаған болармын.
Аймағымыздағы шағын және орта бизнестің, шаруа қожалықтарының дамуына мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетіліп отырғаны баршамызға аян. Атырау мен Индер асфальт жолының төселуі Жайықтың Азия бетіндегі тұрғындарды үлкен қуанышқа кенелтті. Мектептермен бала бақшалар көптеп салынуы, болашақ еліміздің құрылысшылары – мектеп партасында отырған шәкірттерді ыстық тамақпен қамту, материалдық көмек көрсету сияқты істер, облыс орталығындаға Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің ашылуы – білімді ұрпақтың өсіп-қалыптасуына деген үлкен қамқорлық деп білемін.
Егемен еліміздің күллі әлемге танымал болып, халқымыздың әл-ауқатының өсіп-өркендеуіне маңдай терін төге өзіндік үлесін қосып жүрген Бақтықожа Салахатдинұлын жерлестері қашанда мақтан тұтады.
Ерен еңбегі елімен бағаланған Бақтықожа Салахатдинұлы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды. Бұл облыс әкімінің күнделікті жұмысының, Елбасы жолдауларындағы басымдықтардан басталуының анық көрінісі деп түсінеміз.
Бақтықожа Салахатдинұлы туған топырағымыздың төл перзенті. Қашан көрсеңде жайдарлы қалпынан айрылмай, үлкенмен де, кішімен де жадырай амандасып, хал-жағдайды сұрап, бәйек болып жатады.
Ол Махамбет ауданындағы Фурмонов орта мектебінен орта білім алып шыққанан кейін білім мене ғылымның сан қилы сырларын меңгеріп,сан салалы еңбектің небір қиын жолдарынан өтті. Туған жерде басталған еңбегін біліммен, біліктілікпен, қажыр-қайратпен, талапшылдықпен ұштастыра білді.
Жас мемлекетіміздің бұғанасын бекітіп, буынын қатайту кезеңінде қай кезде де халықпен қоян-қолтық араласып, күрмеуі қиын істердің нақ ортасында жүреді.
Ауданымыздың әкімі Ерлан Мақсотұлы Жаңабаев, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін жақсартуға атсалысып, аудан тұрғындарының мұң –мұқтажына шынайы жанашырлық білдіріп, қандайма мәселе болмасын оң шешілуіне мән беріп отырады.
Мемлекетіміздің мүгедек жандарға қамқорлықты күннен күнге ұлғайтып, бар жағдайды жасап келеді. Мен де ғаріп жан ретінде облыс әкімінің қабылдауында болып, кездесуден көңіліме демеу, жаныма дәру алып қайтқандай болдым.
Бақтықожа Салахатдинұлына ақ тілегімді, Ерлан Мақсотұлына аналық алғысымды арнай отырып дендеріне саулық, жемісті еңбек тілеймін!

Есмағамбетова Шағия Биқашқызы,
зейнеткер,медицина саласының ардагері.
Махамбет селосы.Аналық ақ алғысым

Махамбет селосы.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *