Өтініш

  

ҚР Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлына
Молдақаш Досымбековтен
Үй телефоны: 727 – 3857039
Өтініш.
Хат жазып отырған Алматы облысы. Жамбыл ауданы Үлгілі ауылының тумасы, 1929ж. туылған. Шапырашты, көшекпін.
1949 жылдан бастап 1991 жылға дейін Алматы облысы Жиренайғыр станциясында эл монтер, эл механик болып жұмыс істедім. Кеңес Одағының құрметті теміржолшысымын.
1991 жылдан бері зейнеткерлін.
Он баланын , әкесімін , жолдасын Қазгүл Досымбекова Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылынан , руы Екей. Ардақты Ана(мать героиня) 1997 жылы өмірден өтті.
Сіздің Ініңіз Сатыбалдыны жақсы танитын еділ. Бірнеше жыл қарым-қатынас ұстадық. Қазақ теміржолында жұмыс істеген жылдары Жиренайғырда бірнеше рет іс сапармен болды, менің үйімде тұрды.
Алматы қаласы көлік бірлестігінің бастығы болған жылдары да араластық. Менің сорыма Сатыбалды інімнің өмірі қысқа болды , әттен ,айырылып қалағанымыз өте ауыр тиді , сізбен таныстырам , Ағама апарам деп жүруші еді…
Алматы қаласы Сейфуллин даңғылында тұрған үйінде болғам.
Қайрат менің үйімде болды. 1999 жылы Айыртау ауданында Қарасай бабамыздың кесенесін ашқан шараға қатыстып , Саматты соңғы рет сол жолы көріп едім.
Көзімнің тірісінде сізге жолығу арманым бар.Келе жатқан туылған күніңіз құтты болсын. Ұзақ ғұмыр тілеймін , денсаулығыныз зор болсын…
Рұқсат етсеңіз , Сіздің қабылдауынызға келсем бола ма?
Нұрсултан Әбішұлы , Шапырашты-Көшектердің ішінде ең үлкен ақсақал менмін. Жалғыз арманым сіздің қабылдаунызда болу.
Мәртебеңіз өсе берсін , Алла жар Болсын!
Қарасай бабамыздың аруақтары сізді қолдасын.
Сізден асыға хат күтуші М.Досымбеков.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *