Әскери қызметтегі баламды негізсіз қызметтен босатқандығы туралы

  

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен бес бала тәрбиелеп өсірген көпбалалы анамын. Зейнеткермін. Жалғыз ұлым Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде екі жыл әскери борышын өтегеннен кейін ҰҚК шекарашы болып қызметке тұрды. Еліміздің шекарасын қорғауға жастық шағының күндерін арнады. 2014 жылы ұлым жұмыс істеген шекара заставасында жанындағы істеген қызметшілердің жауапсыздығынан жанармай толы машина құжаттарсыз өткен. Сол күні ұлым бірінші күн шлагбаумға тұрған болатын. Өз міндетімен жіті танысып та үлгермеген. Сол себепті осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалып,кейіннен ол іс қылмыстық құрам болмағандықтан тоқтатылған болатын. Ол істі жүргізген тергеуші менің баламның ресми тілді жетік меңгермегендігін пайдаланып, қол қойғызып алған. Сол іс қайта қозғалып, оның қайта қарастыру уақыты өткеннен кейін ғана балама хабарлама келген. Балам осы өзіне қатысты іске қаулыны алып тастау үшін 2016 жылғы ақпанға дейін арыз берген кезде оған байланысты басталған іс мүлдем тоқтатылады екен. Бірақ осы істі жүргізген тергеуші ол туралы дер кезінде хабарламай, 2017 жылдың ақпанында ғана айтты. Осының бәрі ұлттық мәселе деп қарастырамын Себебі менің баламның ұлты — балкар. Оның жанындағы болған екі жігіт аман-есен құтылып кетіп, неге менің балам жазаланып отыр? Балам осы қызметке тұрар кезде білетін адамдар айтып еді:» Балаң ұлты мен фамилиясын ауыстырсын. Өте қиын болады. Кавказдықтарды алмайды бұл жұмысқа «,-деген еді. Бірақ балам жұмысқа тұрып, алдыңғы қатарлы қызмет атқарды, шекара ісінің үздігі. Осы іс басталғаннан кейін екі мәрте «Шекара қорғаудағы қалтқысыз 10 жыл қызметі үшін» медалімен марапатталды. Қазір үш баланың әкесі жұмыссыз қалды. Балам 2033 әскери бөлімде қызмет атқарды. Фамилиясы Хочиев Арсен Магомедович. Қазір ешқандай әділдікке сенбей, ешқайда шықпай отыр. Баламның болашағына алаңдағандықтан осы хатты Сізге жолдауға мәжбүр болдым.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *