Ұсыныс хат

  

Кентау қаласынан, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы: Бауыржан Ақылбек, Кентау қаласының құрметті азаматтары: Жүсіпов
Өміртай, Мусабаев Нарбек, ұстаз-ана Аманкүл Бекшораева және Желтоқсан қаҺармандарының атынан:

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы қоғамдағы болып жатқан жайттар қай кезде де халықтың игілікті істеріне айналып жатса, нұр үстіне, нұр болары еді. Сондықтан жетіспей жатқан жетістіктерге өз ойларымен толықтырып, аз да болса кейінге қалып жатқан ізгілікті істердің жүзеге асу жолдарына қолдау тапса, «халықтың осындай болса»,- екен деген ойын дамытып сізге ұсыныс жасап, игілікті істің себебшісі болу, біз үшін үлкен сенімділік! Әр нәрсенің сабақты сәтімен жүзеге асатынына бізде қосыламыз, дегенмен сіздің сарбдар саясатыңыздың мың жылдық ата-баба арманымен терең сабақтастықта ұстап, қазағымның асыл арманынжазиралы кең жүрегіңізде түйіндеп жүзеге асырып келе жатқаныңызға ешкім дау айта алмас.
Біз Тәуелсіз ел аталғалы бері, жылда 16, 17, 18ші желтоқсан күндерін бірі тойлап жатса, енді бірі ол күн біз үшін «Қаралы күн» деп, елдің амандығына шүкіршілік етіп, сонау «Желтоқсан-86» көтерілісін еріксіз еске алып отырады. Әсіресе, сол қанды көтеріліске қатысқан аға- іні және қаракөз қарындастарыңыздың яғни,«қандастарымыздың «қазақ» елін өз қазағымыз тұрғанда, өзгеге жол жоқ»,- деген ерен ерліктеріне әлі де саяси баға ала алмай келе жатқаны да, көңілге еріксіз кірбің келетіреді. Сонымен бірге желтоқсанның 16, 17, 18-ші күндерін мерекеге айналдырмай «Қаралы күн» деп бекітсеңіз, сол кезде Тәуелсіз елім үшін қан жұтып, жас өмірлерін отқа салған қайран қазақтың қайсар жігіттері мен қыздарының рухы шуақталып,елдігіміздің беріктігіне сызат түспей, нығая беруіне ар-намыстың құрбаны болған қандастарымыздың мерейлері арта түсіп,Алланың бұйрығымен қанатымыз кеңге жайылып,сіздің «Мәңгілік Ел-қазақ елі» -болайық» деген тарихи құндылығыңыз мызғымас елге айналар едік деген ұсынысымызды жолдап отырмыз.
«Қазақ елі» атауын алар тұста сіздің қырағы саяси көзқарасыңыздың халық игілігіне белді бекем буып кірісетін, табандылығыңызды біз мақтан етеміз десек, артық айтпаған болар едік. Осы тұста біздің жоғарыдағы айтқан ұсынысымызды қатар жүзеге асырады деген сенімімізді білдіреміз.
«Қазақ елі» атауын алар күнге дейін, «Мәңгілік ел» қай ел деген екі жақты қарайтындарға тосқауыл болып, халық қолдауына ие болған ұсынысыңызды жүзеге асырсаңыз елдігіміздің де тұтқасы берік болып, әрі қарай «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы ұлттық идеямыз – «Мәңгілік Ел» мұраттарынның өзі сол тарихи көтеріліске, тамырлас жатыр деген сенімге, тұжырымға тірелеміз.
Олай болса, Тәуелсіз еліміздің мерекесін атап өту кезеңін қазанның 25-іне ауыстырып, не болмаса, Мемлекетімізге қолайлы күнді белгілеп, желтоқсан -16, 17, 18 күндерін «Қаралы күн» етіп, Тәуелсіздіктің сол көтеріліс негінде келгеніне тарихымызды айқындап алар едік. «Мәңілік Ел-Қазақ Елі», еліміздің тарихы мен тағдырына ерекше тарихтың үлкен белесін енгізіп, ЭКСПО -2017 көрмесіне дейін бекітіліп, Аллаға шүкір деп, өзгенің қармағына түспейтіндей бірлігімізді нығайтып, елдігімізді алтын әріппен өшпейтіндей бекітсеңіз .
«Мәңгілік ел — Қазақ елі» атауына айналып,тарихымыздың алтын белестерін бекітіп, ұлан-ғайыр қазақ жерінің алтын аймаққа айналып, сіз «Қазақ елі»-нің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі тарихымыздың «Алтын адамы» болып, тарихта қалмауыңыз мүмкін емес, деп ұсыныс хатты аяқтаймыз.

Қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы: Бауыржан Ақылбек.
«Қазақ тілі» қоғамының төраға орынбасары: Аманкүл Бекшораева.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *