Құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы сізден көмек сұраймын.

  

Құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Мен Ахметжанова Ақжарқын Болатқызы Батыс Қазақстан облысы Зелёнов ауданы Шалғай ауылынан біріншіден Аллаға, екіншіден Сізге үлкен үмітпен хат жолдап отырмын.
Отбасымда үш ұл бір қызым бар. Екі ұлым студенттер ақылы оқуда оқиды, 2004 жылғы кенже ұлым Тимур алты айлығында прививка алғаннан бастап аурады. Жолдасым жұмыссыз, өзімнің мамандығым болса да баламның ауруына байланысты үйде отырмын. Балам 2-ші сыныпта үйде оқиды. Дүниеге келгеннен бастап 2009 жылға дейін үкімет тарапынан және денсаулық саласынан ешқандай көмек болған жоқ. Тек 2009 жылдан бастап мүгедектікке тағайындалды. Мүгедектік анықтама бойынша врожденный ихтиоз деген диагноз берілді. 2009 жылдың наурыз айында Алматының КАЗНИКВИ-да емделдік, ешқандай нәтиже болған жоқ. Осы жылдан бастап аяқ басалмай қалды. Сол кезден бастап өзіміз ауданың, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына бірнеше рет барып Астанаға «Ұлттық ғылыми анамен бала орталығына» жолдама сұрадым, көмек болған жоқ. Сосын Нұр Отан партиясынан және Орал қаласының «Жұлдыз» қайырылымдық қорынан көмек сұрадым, солардың көмегімен 2011 жылы қараша айында Астана қаласына «Ұлттық ғылыми анамен бала орталығына» жолдама алып, ортопедия бөлімінде емделдік. Сонда қосымша диагноз берілді аутосомно-рецессивный путь наследования, несовершенный остеогенез 4-тип, аутосомно доминантный путь наследования.Бір айдан кеін баламда өзгеріс болды, аяғын басып жүрді. 2012 жылы сол «Ұлттық ғылыми анамен бала орталығы» қайтадан емделдік, тексеруден кейін ота жасауға баламның денсаулығы көтермейді деген шешім берілді. 2013 жылы 19 қарашада Батыс Қазақстан денсаулық басқармасының комиссия шешімімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне бюджет қаражат есебінен шетелге емделу туралы баламның құжаттары жіберілді. 6 қаңтар 2014 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылы №2016 қаулысына сәйкес Тимур Сагинтаевтың ауруы Қазақстанның медициналық ұйымдарында емделеді деген жауап алдым. Директор А.Толегалиевадан.
Мен өзім ана ретінде Израилдің «Шемер» клиникасымен байланысқа шығып баламның құжаттарың ғаламтор арқылы жібердім. Олар емдейміз деген жауабын алдым. Сол үшін сізге хат жолдап Израилдың «Шемер» клиникасында ем алуымызға көмек сұраймын. Осы клиникада емдеп жазамыз деп сенімдерін білдіріп отыр. Облыс орталығынан шалғайда тұрғандықтан баламыз екеуміздің барып келумізге жол ақысы қымбатқа шығады. Орталықта жатып ем алатын тұрғұлықты баспанамыз жоқ. ЖКХ бөліміне барып құжаттарды тапсырдым, пәтер беруден бастартылады деген қағаз алдық. Соған байланысты облыс орталығында ең болмағанда бір бөлмелі пәтеріміз болса дейміз.
Осы аналық хатымды Сізге сенімділікпен жазып отырмын.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *